Бұл мақалада бүгінгі таңда өзекті деп танылған ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы қазақ жазуына негізделген латын қаріпін меңгертудің тиімділігі қарастырылды. Коммуникация терминіне мән беріліп, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мазмұны, оның оқыту үрдісінің функциялары, қолданылу түрлері, жалпы бағыттары айқындалды. Сонымен қатар Қазақстандағы латын қаріпіне көшу мәселесі, латын қаріпін оқыту әдістемесі, латын графикасын оқытудағы коммуникативтік ерекшеліктер мен оны АКТ арқылы оқытудағы сөйлесім әрекеттерінің орны көрсетілген. Бүгінгі таңда маңызды болып табылатын ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы қазақ жазуына негізделген латын қаріпінің ерекшеліктеріне қарай білім алушыларда қалыптасатын дағды түрлері талданды. Асинхронды және синхронды оқыту тәсілдері қарастырылып, Miro.com шексіз тақтасы, edpuzzle.com тапсырмалар жүйесі, Google Drive қоймасы, Coreapp.ai сабақ және тапсырмалар жүйесі, Kahoot.com тест түрі, obs.studio және басқа да компьютерлік бағдарламалар сарапталды. Инновациялық білім платформаларының қызметтері мен қазақ жазуына негізделген латын қаріпінің АКТ арқылы оқытудағы тиімділіктері талданды.
ЛАТЫН ӘЛІПБИІН МЕҢГЕРТУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Жарияланды June 2021
248
243
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
ақпараттық-коммуникативтік технология, латын қаріпі, оқыту, әдіснама, әдіс, дағды, білім беру платформасы.
Как цитировать
[1]
Оразбаева , Ф. і Иманқұлова , М. 2021. ЛАТЫН ӘЛІПБИІН МЕҢГЕРТУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 267–271. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.58.
