Сіздердің алдарыңызға Мағзұм Тиесов шығармаларына арналған мақала ұсынылып отыр. Бұл мақалада жазушының «Молданың сырқаты», «Кәрі ақынның жас шағы» әңгімелері талданды. Жазушы әңгімелерін талдауда идеялық-көркемдік ерекшелігі айтылады. Шығармаға проблемалық-тақырыптық талдау жасау, жазушы тілі мен стилін анықтау аса маңызды. Мағзұм Тиесовтің «Молданың сырқаты», «Кәрі ақынның жас шағы» әңгімелері – қызық, мазмұнды, сөз өнерінің жақсы үлгілері болып табылады. Автор композиция құруда, әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтауда, кейіпкерлерді сомдауда, тілдік құралдарды пайдалануда, поэтикалық қарымын, өзіндік стилін таныта алған.әңгімелердің жанрлық ерекшелігі,
Әңгімелерді талдау барысында құрылымдық-семантикалық және салыстырмалы әдіс қолданылды. Осы әдістерді қолдану барысында жазушы әңгімелерінің жанрлық ерекшелігі, негізгі идея мен кейіпкерлер айқындалған. Мақалада жазушының шығармашылығы бүгінгі күн талабы тұрғысынан талданады