ХХ ғасырдың аяқ шетіне дейін ұлттық болмыста кітап жазып, қалың оқырман алдына шығару оңай болмаған. Жазушы М.Мағауин «Қыпшақ аруы» повесі XXI ғасырдың басында жазылған бірден-бір тың шығарма. Мұндағы аңдатылатын басты оқиғалар, қазақ ұлтының өзіндік – этнографиясы, фольклоры, төл әдебиетінің тереңдігін меңзейді. Бұл мақалада қазақ өлкесінде небір ұлы тұлғалардың туғандығы және олардың бүгінгі жас ұрпақпен рухани байланысы баяндалады. Бұнда ұлы даланың көркем туындылары балбал тастар, тарихи-этнографиялық белгілердің сыры суреттелген. Сонымен қатар повесте мүсіншінің шеберлігі, осы өнерімен біте қайнасуы соншалық, оның орта ғасыр кезеңіне енуі айтылады. Ғылыми мақаланың басты мақсаты – шығармадағы, батыр бабаларымыздың ұлылық, кемеңгерлік қасиетін этно-фольклорлық бағытта аша көзделеді. Сонымен қоса повесттегі өткен мен бүгіннің жалғасы һақында мәліметтерді талдау болып табылады.
М.МАҒАУИННІҢ «ҚЫПШАҚ АРУЫ» ПОВЕСІНДЕГІ ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР
Жарияланған June 2021
93
166
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
қазақ өлкесі, ұлы дала, балбал тастар, этно-фольклор, төл әдебиет, тарихи-этнография, мүсінші
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жолдыбаев O. і Таңжарықова , А. 2021. М.МАҒАУИННІҢ «ҚЫПШАҚ АРУЫ» ПОВЕСІНДЕГІ ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 219–225. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.49.