Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

МОДЕРНИЗМ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІДЕ

Жарияланды June 2021

283

278

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

С. Асылбекұлы

ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж. Аширов

аға оқытушы, магистр

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ш. Куттыбаев

аға оқытушы, магистр

Аннотация

Бұл мақалада әдебиет пен өнердің дамуына әсер еткен модернистік бағыттың теориялық мәселелері мен алғышарттары қарастырылады. Жалпы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өнер мен мәдениеттегі секілді әдебиет те жаңаша бағытқа бет бұрды. Өйткені әдеби модернизмнің пайда болуына әсер ететін негізгі фактор – адам дамуының тарихи және әлеуметтік өміріндегі жаһандық өзгерістер екені сөзсіз. Еуропалық мәдениет пен өнердің ерекшеліктері әдебиет пен көркемдік кеңістік контекстінде қарастырылады. Тарихи-әлеуметтік факторлар мен әдебиет пен өнердегі тың жаңалықтарды тудыратын факторлар арасындағы байланыс анықталды. ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әлем шын мәнінде небір дүрбелеңді жаңалықтарға толы болды. Адамзат дамуының осы кезеңдегі сатысына көз салсақ, ХХ ғасыр басындағы әлемде жан-жақты және түбегейлі өзгерістер жүріп жатты. Бүгінгі биіктіктен адам дамуының осы кезеңіне қарап, ХХ ғасырда көп қырлы және түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Еуропа әдебиетінен бастау алған бұл жаңашылдық өзгерістер қазақ әдебиетін де дамытып, әдеби алтын қорымызды жаңа шығармалармен толықтырды.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Асылбекұлы , С. et al. 2021. МОДЕРНИЗМ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІДЕ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 207–211. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.45.