Кез келген халықтың педагогикалық ой-пікірлері оның түрлі мәдени-рухани мұраларында көрініс табары ақиқат. Сол рухани байлығымыздың бірі,халық әдебиетінің асыл қазынасы – мақал-мәтелдер.Мақал-мәтелдер– ғасырлар шежіресі,халықтың ғасырлар бойы жинаған іс-тәжірибесі мен өмір тәжірибесінен қорытып, ережетүрінде тұжырымдалған аталы сөз, ой түйіні. Ол бүкіл адам баласына ортақ, сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық өзінің төл шығармасындай қабылдай беретіні де бар.Тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі ұқсас, ділі бір, діні бір түркі халықтарының, әсіресе қазақ-татар халқының мақал-мәтелдерініңмазмұны мен жасалу тәсілеріжағынан, сөздік, сөйлемдік құрылымы жағынан өте ұқсас болып келетінін байқау қиын емес. Бұдан қазақ-татар халқының рухани, мәдени, тарихи жағынан да жақындығын аңғаруға болады. Қазақ-татар халқының мақал-мәтелдеріндегі адамгершілік пен имандылық, еңбек пен өнер, ерлік пен отансүйгіштік қарым-қатынасына негізделген педагогикалық ой-тұжырымдарының да жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше.
ҚАЗАҚ-ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған June 2021
125
119
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асанова , Ұ., Ашенова , А. і Қоқанова , Ж. 2021. ҚАЗАҚ-ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 203–207. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.44.