Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ТОЛЫСҚАН ШАҒЫН БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Жарияланды June 2021

250

245

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Н. Ақыш

ф.ғ.д.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Жетекова

магистр

Аннотация

Мақалада өнегелі тұлғалар образын жасап жүрген жауынгеp жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Ақ боз атты ару» романы қарастырылған. Жазушының аталған романы арқылы қалың оқырман қауым ағартушы, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдарымен таныса алады. Романда Шоқан Уәлихановтың бейнесі әр қырынан ашыла түсіп, бас кейіпкерден бөлек бояуы қанық, нанымды, кесек бітімді тарихи образдар да жасалған. Шығарманың жағымды ерекшелігі - әдеби тіл байлығының анағұрлым айқын көрінісінде. Мақалада романның әр бөлігінің ерекшеліктері айқындалып, жазушылардың жас буынына үлгі бола алатын шешендік сөздердің тірі үлгісі сияқты жарқын өрнектер талданады. Ажары ашық, бейнелі тіркестерге халық тілінің ұнасымды сипаттарына лайықты бояуларымен көрініс табатын жерлері арқылы нақты мысалдар келтіріледі. Роман беттерінен байқалғандай баяндаулар жиі ұшырағанымен, олар құрғақ емес, керісінше жатық та суретті. Туындының мәнді ерекшелігінің бірі- ұлттық тәуелсіздік мәселесі де қозғалған.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Ақыш , Н. і Жетекова , Г. 2021. ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ТОЛЫСҚАН ШАҒЫН БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 198–203. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.43.