Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

Ш.МҰРТАЗА РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ КОНЦЕПТІ

Жарияланған June 2021

126

5

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А Сейтенова

докторант

Аңдатпа

Мақалада Шерхан Мұртаза шығармашылығы алғаш рет табиғат көріністерінің концепт түзушілік сипаты тұрғысынд астырылады. Бұған дейін түрлі аспектіде зерттелген көркем мәтіндер пейзаждың өзіндік көркемдік ролін жаңаша ыңғайда қарастыру мақсатында талданды. Көркем шығармадағы пейзаж феномені қаламгердің белгілі бір ұғымдарды тұжырымдаудағы өзіндік көзқарастарын айқындау негізінде пайымдалды. Әдеби шығармадағы уақыт пен кеңістіктің көркемдік әлеуеті жаңа мағына тудыру тұрғысында концепт аясында зерттелді. Пейзаж қаламгердің жеке әлем картинасын да арқау ететіндіктен, осы когнитивтік бағыттағы талдаулар негізінде автордың көркем поэтикасын зерделеуге де болады. Мақалада Ш.Мұртаза романдарындағы табиғат стихияларының бейнелену сипаты қарастырылып, олардың белгілі бір идеялық концепт түзудегі көркемдік әлеуеті айқындалды. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», «Қара маржан», «Қызыл жебе» романдарындағы табиғат көріністерін авторлық тұжырымдамамен сабақтастықта зерделеу арқылы пейзаждық суреттемелер негізінде қалыптасқан жер, аспан от, су, көркем концептілері талданды. Табиғи стихиялардың көркем поэтикадағы өзіндік ролі, жазушы идеясын ашудағы философиялық-эстетикалық мәні айқындалды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сейтенова, А. 2021. Ш.МҰРТАЗА РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ КОНЦЕПТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 272–277. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.43.