Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

БАҚҚОЖА МҰҚАЙ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ

Жарияланған June 2021

144

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж Сейсенбаева

ф.ғ.к.

Аңдатпа

Мақалада жазушы Б.Мұқайдың «Құлдық ғұмыр» повестіндегі адам тағдырын суреттеуі, азаматтық рух тұлғасына қатысты сындарлы пікірлерді жинақтаған кейіпкердің ішкі жан-дүниесіне ене отырып, шынайы шеберлікпен сипаттауы туралы ғылыми зерттеу жасалынған. Туындының идеялық мазмұны терең. Шығармада өмір құбылыстары әсерлі тілмен суреттеліп, қоғам келбеті зерделенді. Қарапайым әйелдің тіршілігі жазушы шеберлігінің арқасында әлеуметтік-қоғамдық мәнге ие болады. Кейіпкерлерінің көңіл-күйін, жан-дүниесіндегі құбылту сәттерін тап баса суреттеуі арқылы жазушы характердің ішкі сезімін көрсетудегі ерекшелігі мақалада зерделенген.

Повестегі жазушы баяндауы мен ішкі монологтың қабысып жатуы, образдар арқылы өткен күн мен бүгінгі өмірдің жалпы шындығын аңғартуы туралы нақты мысалдар келтірілген.

Баққожа Мұқайдың осы бір шығармасы ғана емес, тұтас шығармашылығы өмір жайлы терең тартымды ойлар түйіндете білетін, қайсыбір тақырыпты қозғаса да адамдық ізгі қасиеттерді дәріптеуді ұмытпайтын, ірі күрделі жағдайларды суреттеумен қатар, салиқалы идеяларды көркем жеткізе білетін қайраткерлікті танытатындығы мақалада ашылған. Мақалада уақыт озған сайын тарихи мазмұны ашыла түсетін, тәрбиелік сипаты арта беретін, ең бастысы идеялық айтары анық көркем туынды екені дау тудырмайды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сейсенбаева, Ж. 2021. БАҚҚОЖА МҰҚАЙ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 267–272. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.42.