Мақалада құзіреттіліктің оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі екендігін, құзіреттіліктің “білім”, “білік”, “дағды” және “тәжірибе” сияқты ұғымдарды қамтитынын айтады. Құзіреттілік – оқушының алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір іс жүзіндегі немесе теориялық мәселелерді шешуде қолдана алуымен сипатталатын түпкі нәтиже. Сондай-ақ, отандық және шетелдік ғалымдардың коммуникативтік құзіреттілік туралы тұжырымдары сараланады. Педагогикалық-психологиялық еңбектерде коммуникативтік құзіреттілік туралы анықтамалар қаншалықты көп болса, коммуникативтік құзіреттіліктің компоненттері жайындағы көзқарастардың да әр алуан.Коммуникативтік құзіреттіліктің компоненттері туралы сөз қозғалып, коммуникативтік құзіреттілік лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, когнитивтік, паралингвистикалық тұрғыдан бір арнаға тоғысқан жүйе деген тұжырым жасалады.
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілік, компонент, білім, білік, дағды, тәжірибе, оқушы
Как цитировать
[1]
Текесбаева , Г. і Текесбаева , А. 2021. КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 182–186. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.39.
