Мақалада қазақ тілінің әліпбиінлатын графикасына көшіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалған. Түркі халықтары қолданған жазулардың тарихы және қазіргі қазақ жазуының даму кезеңдері туралы талдау жасалған. Латын графикасын қолдану арқылы қазақ тілі мен оның жазуы әлемдік стандарттарға сай болатыны, мемлекеттік тілдің мәртебесі артып, қолданыс аясы кеңейе түсетіні, қазақ тілінің орфоэпиясы да сингармонизм заңдарына сәйкес болатыны айтылып, әліпбидегі латын әріптері мен қазақ тіліндегі дыбыстарға лингвистикалық сипаттама берілген. Қазақ тілін латын графикасына көшіру өркениетті елдердің қатарына кірудің жаңа векторы, қазақ тілінде дыбыстық жүйелерді анықтау және қазақ тілінің жазуынан артық сөздерді қысқарту. Мақалада қазақ жазуының қалыптасу тарихы және сол тұстағы тілдік жағдайға талдау жасалған. Латын әліпбиіне көшу қазақ халқының рухын дамытуға, оның өркендеуіне және болашақта біздің еліміздің жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Садуақас , Н. і Миров , М. 2021. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 172–177. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.37.