Мақалада Оралхан Бөкейдің әңгіме, повестерінің мәні мен маңызы қарастырылады. Оралхан Бөкейдің әңгімелері мен повестеріндегі қаһармандар образының жасалу жолдарына талдау жасалынады. Оралхан Бөкей повестері сол кезеңнің өзекті проблемаларын көтеріп, соларды өз замандастарының образдары арқылы шешіп бере алған маңызды туындылар дейміз.
Мақалада Оралхан Бөкейдің «Бәрі де майдан» повесіндегі замандастар бейнесі сөз болады. Мәселен, жазушы замандас дегенде көбінесе жастарды назар тұтамыз да, солардың образымен шектелеміз. Замандас дегеніміз, бізбен бір қоғамда өмір сүріп, бір елде жасап, отырған, жас шамасы әр алуан болса да, мақсат бірлігі, рухани тынысы ұқсас адамдар болуы қажет. Осындай жазушының замандас туралы ой-тұжырымдары сараланады.
Мақалада жазушы шығармаларында замандастар бейнесін көркемдік тұрғыда бейнелей отырып, адамды ардақтау, оның еңбегін бағалау туралы ұлы идеяны уағыздайды. Повестегі негізгі кейіпкерлер Ақан, Алма, тіпті Құмырай бейнелері де шыншылдылығымен, нанымдылығымен есімізде ұзақ сақталатын, ойымызға ой қосатын жанды образдар. Құмырай типіндегі адамдар қазіргі жастар арасында жоқ деп айтуға әлі ерте екенін ескерсек, повестегі образдардың өміршеңдігін тағы да дәлелдей түскен боламыз.