Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ АТ БЕЙНЕСІНІҢ БАСТЫ СИПАТТАРЫ

Жарияланған June 2021

107

117

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А Көшекова

ф.ғ.к.,доцент

Аңдатпа

Эпостың өзге жанрларымен салыстырып қарағанда қаһармандық эпостан аттың ең бір кемелденген, аса үлкен көркемдік дәрежеге жеткен бейнесін көреміз. Бұлай болатын себебі - архаикалық эпоста қиял-ғажайып элементтердің, мифтік мотивтердің тым басым болуы, әлі де жетіліспеген балаң сана толық көлемді ат бейнесін жасауға кедергі болса, лиро-эпостың басты тақырыбы жаугершілік, батырлық емес, ғашықтық хикаялары болуы ондағы жан-жақты бейнеленген ат образының қалыптасуына кедергі болған. Ал, тарихи жырлардың, әдетте, көлемінің эпосқа қарағанда кішірек болуы ондағы тұлпар образының аумақты, әр қилы тұрғыдан бейнеленуіне мүмкіндік бермеген. Сондықтан да қазақ эпосындағы барынша жан-жақты, терең, әр қилы сипатта бейнеленген ат образы негізінен қаһармандық эпоста қалыптасқан деуге болады. Бұған тұлпардың, әдетте, батырлықпен ерлікпен, дұшпанмен шайқастармен қатар бейнеленетіні де әсер еткен. Осы орайда мақалада эпостағы ат бейнесінің басты сипаттары туралы сөз болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Көшекова, А. 2021. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ АТ БЕЙНЕСІНІҢ БАСТЫ СИПАТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 232–237. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.36.