Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АБАЙ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЙ АЙНАСЫ

Жарияланған June 2021

142

113

1Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ұ Жанбершиева

ф.ғ.к.,профессор

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбаев шығармашылығы танымдық идеялар тұрғысында қарастырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және XX ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласын негізге ала отырып, Абай әлемі құрылды. Абай шығармаларының көмегімен ұлттық код, ақын болмысының даналығы талданды. Абай шығармаларының бүкіл мәнін зерттейтін ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып, ақын шығармашылығындағы “толыққанды” адам термині талданып, ой-пікір пайымдалды. Адамгершілікке деген сүйіспеншілік, ұлы адамның ұлылығы, ақыл, білім, байлық, шыншылдық, күшті болуға, жақсылыққа деген ұмтылыс ойлары ғылыми тұрғыдан негізделді. Ұлттық бірегейлік, ұлттық намыс, ұлттық сапа, осының бәрі ақынның рухани келбетін ашты. Ақынның тұлғасына, мәніне және ақын шығармашылығының барлық құрылымына ғылыми талдау жүргізілді.

Абайдың ұлттық руханияттағы рөлі анықталды. Оның өлеңдері мен қара сөздеріндегі ерекшеліктер әдеби-теориялық тұрғыда талданды. Абайдың кейбір жұмбақ сырлары фактілермен дәлелденді. Адамның табиғи қасиеттері мен қоршаған әлемді тануға деген құштарлық Абай шығармашылығында талданады. Өмір туралы қорытынды пікірмен Абайдың өмір жолын философиялық тұрғыдан тануға айналған шығармаларына талдау жасалынды.

pdf