Тілді адамның әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке кереғар әсер етеді және оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. Демек, тіл, көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет, сондықтан да ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі. ‘‘Мәдениет” жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым.Мақалада мәдениет пен тілдің, мәдениет пен символдың арақатынасы туралы сөз болады. Мәдениеттің екі қыры, яғни материалдық және рухани мәдениет болатыны белгілі. Осыған орай, қазақ халқының материалдық мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын ұлттық киім (бас киім) үлгілерінің символдық мәні айқындалды. Символдың ұлт мәдениетін бойына сақтаған ұлттық код ретіндегі сипаты ашылды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Орынбаева, Д. 2021. МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ СИМВОЛДЫҚ МӘН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 95–101. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.14.