Мақалада қазақ тіл біліміндегі ән мәтіндеріндегі орнитологизмдерді лингвистикалық аспектіде зерттеудің маңыздылығы көрсетілген. Ән мәтіндеріндегі орнитологизмдер этностың әлемді ән арқылы, соның ішінде құстарды қатыстыру арқылы тануының тілтанымдық ерекшеліктері көрсетілген. Ән мәтіндерін түзуші бірліктердің өзара сабақтастығы, ғылымаралық аспектіде қарастырылады. Этностың саналы ғұмырында орнитологизмдер тұрмыстық өмірінде біте қайнасып, этностың тілдік түпсаналық қатпарларын ән болып сақталып, бүгінге жалғасқан. Ән мәтіндерін орнитологиялық аспектіде зерттеу арқылы этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері көрсетіледі. Қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде зор маңызға ие, бүгінде ұлттық болмыс пен танымын танытатын орнитологизмдер арқылы жасалған ән мәтіндері этностың мәдени танымын білдіретін көрсеткіш екендігі баяндалады. Орнитологизмдер арқылы жасалған ән мәтіндері этностың дүниетанымы мен мәдени тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-қоғамдық факторларға байланысты әлемнің ән мәтіні арқылы жасалған бейнесін жасауға қатысты коннотациялық сипаттағы тілдік бірліктердің тұтастығы лингвистикалық аспектіде қарастырылады.
ҚАЗАҚ ӘН МӘТІНДЕРІНДЕГІ ОРНИТОЛОГИЗМДЕРГЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ШОЛУ
Жарияланған June 2021
123
144
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ән, музыка, сөз, поэзия, мәтін, ән мәтіні, тілдік бірлік, адресат, адресант, этнос, мәдениет, т.б.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жиренов, С. 2021. ҚАЗАҚ ӘН МӘТІНДЕРІНДЕГІ ОРНИТОЛОГИЗМДЕРГЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 90–95. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.13.