Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ САХНАЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ: ИНСЦЕНИРОВКА МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ: қазақ прозасы

Опубліковано March 2026

2

-3

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Анотація

Мақалада қазіргі қазақ прозасының экрандық және сахналық өнерге бейімделуі, инсценировка процесінің күрделі табиғаты мен көркемдік трансформация ерекшеліктері кешенді түрде зерттеледі. Зерттеудің өзегі – әдеби мәтіннің театр кеңістігінде қайта құрылу үдерісін режиссерлік концепция, сахналық форма және актерлік интерпретация тұрғысынан талдау. Атап айтқанда, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің классикалық «Қан мен тер» романының кино және театр нұсқаларына салыстырмалы талдау жасалып, шығарманың көркемдік жүйесіндегі өзгерістер айқындалады.

Зерттеу барысында кейіпкерлер портретінің әлеуметтік, мәдени және тарихи контекстін ашудағы режиссерлік шешімдер мен актерлік ойынның психологиялық тереңдігіне басымдық беріледі. Сонымен қатар, шығармалардағы әйел бейнесінің психологиялық астары мен эмоционалды динамикасының сахналық шешімдері ғылыми тұрғыдан пайымдалады. Мақала қазақ театрындағы прозалық инсценировканың тарихи даму жолын саралай отырып, оның көрермен қабылдауына әсерін зерделейді. Зерттеу нәтижелері ұлттық әдеби мұраның заманауи театр репертуарын жаңартудағы әлеуетін және классикалық туындылардың жаңа медиалық кеңістіктегі көркемдік мүмкіндіктерін дәлелдейді. Бұл еңбек әдебиеттану мен өнертанудың түйіскен жеріндегі пәнаралық зерттеу ретінде құнды.

PDF
Мова

Українська

Як цитувати

[1]
А.Д., И. et al. 2026. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ САХНАЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ: ИНСЦЕНИРОВКА МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ: қазақ прозасы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 95, 1 (Бер 2026), 81–90. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2026.95.1.007.