Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПРОЗАДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (Е. ТҰРСЫНОВТЫҢ «МЕЛОЧИ ЖИЗНИ» ТУЫНДЫСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)

Жарияланды March 2026

2

-3

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Калифорния университеті, Дэвис
Аннотация

Мақала қазіргі заманғы қазақстандық жазушы әрі кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «Мелочи жизни» туындысының негізінде оның автобиографиялық прозасындағы этномәдени лексиканы талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанның қазіргі орыстілді әдебиетіндегі ұлттық кодты сақтау тетіктерін зерделеу және мәдени бірегейлікті жеткізу қажеттілігімен айқындалады. Автордың назарында қазақ халқының тұрмысы, менталитеті мен тарихының ерекшеліктерін бейнелейтін этномәдени лексика — реалийлер тұр. Талдау барысында анықталған этнолексемаларға жіктеме беріліп, олар төрт негізгі топқа бөлінген: қоғамдық-саяси, географиялық, этнографиялық реалийлер, мәдениет және өнер терминдері. Зерттеуде сандық әдісті қолдану мәтіннің жиілік доминантасын анықтауға мүмкіндік берді, бұл автордың тұжырымдамалық басымдықтарын көрсетеді. Талдау нәтижелері географиялық және тұрмыстық реалийлердің жоғары шоғырлануын көрсетті, олардың ішінде ең жиі кездесетін лексемалар — «қой» («баран») және «ауыл». Бұл Е. Тұрсыновтың көркемдік әлемі дәстүрлі көшпелі кеңістікке терең тамыр жайғанын, ал күнделікті «өмірдің ұсақ-түйектері» ұлттық әлем бейнесін қайта жаңғыртудағы негізгі элементтерге айналғанын айғақтайды. Мақала филологтарға, лингвомәдениеттанушыларға және қазіргі қазақстандық әдебиетті зерттеушілерге арналған.

PDF (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
С.А., М. і А.Б., И.А. 2026. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПРОЗАДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (Е. ТҰРСЫНОВТЫҢ «МЕЛОЧИ ЖИЗНИ» ТУЫНДЫСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 95, 1 (Бер 2026), 51–61. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2026.95.1.004.