Мақалада көркем дискурстағы диалог формаларының функционалдық рөлі кешенді түрде зерттеледі. Мақсат – әдеби шығармада қолданылған диалогтік құрылымдардың көпқырлы қызметін анықтап, олардың мәтін ішіндегі мәндік, психологиялық және коммуникативтік жүктемесін талдау. Теориялық негіз ретінде көркем дискурс, диалогизм және стилистикалық тәсілдерге қатысты отандық және шетелдік зерттеулер алынған. Материал ретінде Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» және С.Елубайдың «Ақ боз үй» романдарындағы кейіпкерлік диалогтер таңдалып, лингвопоэтикалық, семантикалық және дискурстық әдістер ұштастырылып қолданылды. Зерттеу нәтижесінде диалогтің үш негізгі функциясы – коммуникативтік, психологиялық және мағынатүзуші қызметтері нақты мысалдармен дәлелденді. Диалог көркем мәтінде оқырманға әсер ететін, кейіпкердің ішкі болмысын ашатын, астарлы идеяны жеткізетін басты құрал екені анықталды. Бұл зерттеу қазақ прозасын диалогтік тұрғыдан танудың ғылыми негізін кеңейтуге үлес қосады.
ДИАЛОГ ФОРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМ ДИСКУРСТАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ РӨЛІ
Жарияланған September 2025
1
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Ж., С. et al. 2025. ДИАЛОГ ФОРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМ ДИСКУРСТАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 93, 3 (Вер 2025), 113–120. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.92.3.013.