Кез-келген тілдегі белгілі бір лексикалық категорияны сипаттайтын жалқы есімдердің барлық түрін ғылыми зерттеу қазіргі таңда жалпыға бірдей танылды. Әлемдік тіл білімінің заманауи даму кезеңі ономастикалық ізденістердің жедел өсуімен сипатталады. Себебі ономастика бойынша зерттеулер археология, әлеуметтану, тарихи география сияқты ғылымдардың сұрақтарына жауап береді. Соңғы жылдары антропонимлер лингвистикалық нысан ретінде лингвист мамандардың назарын көп аударуда. Сондықтан қазақтардың антропонимиясына үңілу ұлттық әлеуметтік-лингвистикалық ортаның бір саласын зерттеумен парапар. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақтардың заманауи антропонимикалық жүйесінің күйі жауап бере алатын сұрақтар тізбегіне жауап іздеу қажеттілігінен туады. Қазақ есімдерінің тарихи-лингвистикалық, статистикалық, әлеуметтік түрде талдануының міндеттері келесідей нақтыланады: қолда бар антропонимикалық материалды жинау, өңдеу; заманауи қазақ есімдерінің қалыптасуының тарихын, ерекшеліктерін көрсету, антропонимикалықжүйенің соңғы бес жылдықтағы даму динамикасын қарастыру. Зерттеу жұмысының тақырыбын ашу кезінде тіл білімінің жалпы методологиялық принциптері, белгілі ономасттардың теориялық еңбектері негіз болды. Авторлар зерттеу барысында ономастикалық ғылымның қолданатын барлық дерлік әдістеріне жүгінді. Соның ішінде, бақылау, сипаттау, құрылымдық-этимологиялық тарихи-салыстыру талдау әдістері қолданылды. Жұмыстың маңыздылығы оның түркі ономастикасының дамуына қосатын үлесімен сипатталады. Нәтижелер қазақ антропонимикасына қосымша мәліметтер енгізу септігін тигізеді. Статистикалық мәліметтер ұлттық білім мен ұлттық тілдің қалыптасу үдерістері жөнінде лингвисттар мен әлеуметтанушыларға қорытынды жасауға жақсы. Сонымен қатар, оқулықтар, сөздіктер, оқу әдістемелерін жасаған кезде де мақаладағы нәтижелерді қолданса болады.
ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҚОЛДАНЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Жарияланған September 2025
3
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Д.М., П. et al. 2025. ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҚОЛДАНЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 93, 3 (Вер 2025), 36–48. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.92.3.005.