Мақалада Ю.Серебрянскийдің «Қазақстан ертегілері» циклінен алынған «Егіз шопандар» атты заманауи ертегі зерттеледі. Авторлар мәдени бірегейліктің символдары болып қана қоймай, қазіргі өмірдің контексінде жаңа мәнге ие болған киіз үй мен төбетей сияқты фольклорлық элементтерді талдайды. Мифологиялық егіздік мотиві мен архаикалық символиканы қолдану арқылы ертегіден дәстүр мен қазіргі заманның арасындағы байланыс көрініс тауып, қазақ фольклорының тереңдігі мен көпқабаттылығы ашылады. Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен мәдени құндылықтарды жеткізуде авторлық ертегі жанрының маңызы ерекше екендігі атап көрсетіледі. Мақалада балаларға және ересектерге арналған контенттің айырмашылықтарын зерттеу мен теорияландыруға талпыныс жасалады, бұл Қазақстанда да, әлемде де аз зерттелген мәселе болып табылады. Авторлар жастарды балалар әдебиетіне тартудың интерактивті форматының мысалы ретінде әлеуметтік оқылым рухында ұйымдастырылған ивент-іс-шараны қарастырады. Иллюстрация ретінде Ю.Серебрянский құрметті қонақ болған «Экологиялық оқылымдар» іс-шарасын өткізу тәжірибесі келтіріледі. Оқу рухани коммуникация феномені ретінде қарастырылып, оны тек таным құралы ғана емес, мәдени және этикалық өзара әрекеттестіктің негізі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.
Ю.СЕРЕБРЯНСКИЙДІҢ «ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕГІЛЕРІ» ЖИНАҒЫНДАҒЫ КИІЗ ҮЙ СИМВОЛИКАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ОҚЫЛЫМ ӘДІСТЕМЕСІН АПРОБАЦИЯЛАУ
Жарияланған September 2025
3
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
балалар әдебиеті, символика, Ю.Серебрянский, қазақстандық әдебиеттану, мифопоэтика, әлеуметтік оқылым
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ш.Т., А. і Б.П., А. 2025. Ю.СЕРЕБРЯНСКИЙДІҢ «ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕГІЛЕРІ» ЖИНАҒЫНДАҒЫ КИІЗ ҮЙ СИМВОЛИКАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ОҚЫЛЫМ ӘДІСТЕМЕСІН АПРОБАЦИЯЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 93, 3 (Вер 2025), 49–56. DOI:https://doi.org/10.51889/29595657.2025.92.3.006.