Мақалада түркі халықтарының әлем өркениетінде алатын орны шынайы деректерге сүйене отырып айтылады. Теориялық тұрғыдан қазақ және бауырлас түркі, шетел ғалымдарының зерттеулеріне және түркітану ғылымының қайнар көзі саналатын еңбектерге шолу жасалады. Түркі тілдес халықтардың орналасуы мен әлемдік таралымы тарихи дәуірлермен сабақтаса сипатталады. Бір тектен шыққан түркі тілдерінің ақпарат қорын түзу, оны жүйелеп ұсыну басшылыққа алынды. Мәліметтер қоры келесі бағыттарды қамтуды жоспарлауда: қазіргі дүние жүзіне таралған түркі тілінде сөйлеушілердің санын анықтау,түркі тілдерінің таралымын WebGIS жүйесінде көрсету,түркі тілдерінің жіктелуі туралы мәліметтерді саралау, қазіргі түркі тілдерінің мәртебесін көрсету, жойылу қаупі төнген түркі тілдерін жандандыруға нақты бағдарлама негізіндеұсыныс жасау.Қазақ түркітану ғылымына жаңа серпін әкелетін ғылыми жұмыс – Түрік Одағының дамуынаөзіндік үлесін қосады.
XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ТАРАЛЫМЫ
Жарияланған June 2021
167
131
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
алтайтану, түркітану, ареалды лингвистика, лингвожағрапия, түркі халықтары, түркі тілдері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сейтбатқал , Ә. і Бектемірова C. 2021. XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ТАРАЛЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 173–180. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.26 .