Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «КОНЦЕПТ» МӘСЕЛЕСІ, ОНЫҢ АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРНІСІ

Жарияланған June 2021

151

144

Абай атындағы Қазақ ұлттық педегогикалық университтеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

E. Молдасанов

ф.ғ.к., доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педегогикалық университтеті, Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының біразында “әйел” “ер жігіт”, “шындық”, “туған жер”, “ел” концептісі ұшырасады. Ақын өлеңдерінде туған жермен қатар жер мұңы – халық мұңы, ел мұңын қатар өреді. Бұл концепті ақынның ішкі жан дүниесімен астасып жатыр. Мұнда нәзік психологизм, Отанға, туған жерге деген ақынның көзқарасы, сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі ашық аңғарылады.

Т. Жолдыұлының тілдік тұлғасын зерттеу арқылы отаншылдық рухты, қоршаған орта сырларын ұлттық мәдени болмысты сипаттауы жағынан, ұлттық көзқарасты бейнелеудегі шеберлігі жағынан оқшау тұрған тілдік тұлғаны танимыз. Ақынның тілдік тұлғасын зерделеу арқылы– ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын айқын көруге болады.

Таңжарық Жолдыұлының азаматтық тұлғасынан қазақ қоғамына әсер етуге, қозғау салуға ұмтылысы айқын танылады. Осы бағытта оның шығармаларындағы ұлттық сипатты танытатын жеке сөз қолданыстары, авторлық метафоралар мен теңеулер көп. Ақын шығармаларының лексикалық қабаты қою: қазақтың ұлттық мәдени ортасы, болмыс, бітімі, әлемді көруі мен дүниетанымы айқын танылады. Болашақта тілдік тұлғаны толықтай тануға мүмкіндік беретін когнитивтік және прагматикалық деңгейлерде қарастыру ақын, суреткер, көркемсөз шебері ретіндегі тілдік тұлғаны тануымыз мүмкіндік береді.

pdf.