Көне түркі дәуірлерінен бүгінге дейін байырғы болмысын сақтап жеткен кісі есімдері бар. Мақалада олар “антропонимдік өзекті” құраушы элементтер ретінде қаралады. Екінші жағынан, ғасырдан ғасырға үзіліссіз жалғасып келе жатқан осы антропонимжасаушы тұрақты компоненттер – лексикалық сабақтастықтың көрсеткіші. Бір компонент өзіне түрлі сөздер жалғайды, мысалы, көне дәуірлерде Ер тоғмыш, XV ғасырларда Ерқұтлық, қазіргі кезде Ернұр т.б. түрінде жаңа есімдер жасалды, яғни Ер компоненті тұрақты әрі әр дәуір талабына сай өзгеріп отыруға икемді.Осы секілді өзге де түрлі компоненттер өзара біріктіріліп, жаңа есімдер жасалады да,антропонимдік қор жаңа тұлғалармен толығып отырады.Антропонимжасамдағы осы құбылыстың ерекшеліктерін ескере отырып, мақалада көне мен жаңа есімдер салыстырылады, автор қазақ есімдерінің сөздігін жасауда осы мәселе ескерілуі тиіс деген қорытындыға келеді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әбдуәлиұлы, Б. 2021. АНТРОПОНИМДІК ӨЗЕК ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 57–63. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.08.