Аңыздардағы эмоционалды компоненттің көрінісін қарастырудың өзектілігі фольклорлық мәтіндер арқылы халықтардың тілін, мәдениеті мен ойлауын терең зерттеу, эмоциялар, мәдени кодтар мен лингвистикалық ресурстар арасындағы байланыстарды құру қажеттілігі. Бұл зерттеудің мақсаты әдебиет сабақтарында қазақ және ағылшын аңыздарының мысалдарында кездесетін кейіпкерлердің эмоцияларын білдіру үшін лингвомәдени талдау әдістемесін әзірлеу болды. Зерттеу жұмысында келесі әдістер қолданылды: лингвомәдени, контекстік, салыстырмалы, аналитикалық-синтетикалық, эксперимент әдісі. Аңыздарда эмоцияларды білдірудің лингвомәдени ерекшеліктерін зерттеу барысында төрт кезеңнен тұратын лингвомәдени талдау әдістемесі жасалынды: эмоционалды диапазонды қарастыру, лингвомәдени фонның ерекшелігін бағалау, лингвомәдени бірліктер мен эмоцияларды білдіру арасындағы байланысты зерттеу, осы үшін қолданылатын лингвистикалық ресурстарды қарастыру. Осылайша, қазақ аңыздарында лингвомәдени бірліктер, мифопоэтикалық құралдар, тарихи сюжеттер, пейзаждық сипаттамалар, ал ағылшын аңыздарында – лингвомәдени бірліктер, тарихи сюжеттер, әртүрлі жасырын құралдар пайдаланылды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен «Болашақ» университетінде жүргізілген экспериментке 1-2 курс студенттері қатысты. Әзірленген лингвомәдени талдаудың әдістемесін қолдану нәтижесінде студенттердің мәдени, фольклорлық және әдеби үрдістерді білу көрсеткіші орта есеппен 6-8%-ға өсті, дегенмен кейбір параметрлер бойынша көрсеткіштер 12-13%-ға жетті. Болашақта бұл зерттеудің нәтижелерін үлкен фольклорлық жанрларды эмоционалды компонент тұрғысынан салыстыру, лингвомәдени құбылыстарды қарастыру, әдеби мәтіндердегі эмоцияларды білдіру ерекшеліктерін зерттеу мақсатында әдістемелер жасау үшін пайдалануға болады.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ АҢЫЗДАРДА КЕЗДЕСЕТІН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛАРЫН ЛИНГВОМӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Жарияланған May 2024
58
58
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Закирова, А., Майгельдиева, Ш. і Жанбершиева, У. 2024. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ АҢЫЗДАРДА КЕЗДЕСЕТІН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛАРЫН ЛИНГВОМӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 87, 1 (Трав 2024), 20–34. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.87.1.003.