Мақала дипломатиялық дискурсты институционалдық дискурстың бір тармағы ретінде қарастыра отырып, оның коммуникативті және прагматикалық ерекшеліктерін анықтауға арналады. Дипломатиялық дискурс тілдік, когнитивті және коммуникативтік аспектілердің бірлігі ретінде қарастырылады. Дипломатиялық дискурстың тағы бір факторы - бұл барлық қарым-қатынастың сәттілігін анықтайтын дипломаттың лингвистикалық тұлғасы. Дипломатиялық дискурстың ажырамас компоненттері ретінде сыпайылық пен манипуляция категориялары атап өтіледі. Мақалада дипломатиялық дискурста қолданылатын тактика жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ, коммуникативті тактиканы таңдаудағы прагматикалық әдістің әсері анықталды: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Мақалада дипломатиялық дискурстың параметрлері институционалдық дискурс аясында зерттелді және оның негізгі жүйені құрайтын сипаттамалары ашылды. Соңғы жылдары ғалымдар дискурсты әртүрлі тәсілдер арқылы зерттеп жүргені белгілі. Мақалада дипломатиялық дискурсқа және оның лингвопрагматикалық категорияларына зерттеу жүргізу үшін басымдыққа алынатын алғышарттар (прагмалингвистика, дискурстық лингвистика, коммуникация теориясы) айқын көрсетілді.
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланды June 2021
473
468
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исмаилова , Ф. 2021. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Jun. 2021), 74–79. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.13.
