Оралхан Бөкей әдебиет әлемінде өз қолтаңбасы бар дара тұлға. Адам мен табиғатты астастыра суреттеу арқылы, қоғамдағы шындықты, теріс пиғылдарды, адам бойындағы асыл қасиеттерді дәлме-дәл көрсетіп отырады. Өзгеше мәнермен көркем сөздің көркін ашқан қаламгер. Өр Алтай десе, ойымызға бірден Оралхан Бөкей оралады. Тамылжыған тылсым табиғатты суреттеуі, оқырманның көз алдына әдемі бейнені беруі, сөз саптауы өз замандастарынан ерекшелендіре түсті. Мақалада Оралхан Бөкей шығармаларындағы адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, оның тұтастығы мәселелері қозғалады. Жазушының өмірі мен шығармашылығы сөз етіледі. Адам баласының басындағы жағдайларды табиғат құбылыстарымен байланыстырудағы жазушы шеберлігі талданады. “Атау кере”, “Мұзтау”, “Сайтан көпір” повестеріндегі Өр Алтай, табиғат құбылыстарын суреттейтін үзінділер талдауға алынып, адам мен табиғаттың тұтастығы дәлелдене түседі.
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
человек, природа, произведения Оралхана Бокея, талант, описание, анализ повести, особенность писателя
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әбдіғазиұлы , Б. and Атолла , Қ. 2023. ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ ТҰТАСТЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 77 (Apr. 2023), 35–44. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7804.05.
