Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЖАРНАМА ДИСКУРСІНДЕГІ «АСТАНА» ТОПОНИМІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІ

Жарияланды September 2026

24

19

Абай атыңдағы ҚазҮПУ
Абай атыңдағы ҚазҮПУ
Абай атыңдағы ҚазҮПУ
Аңдатпа

Мақалада «Астана» топонимінің Қазақстанның қазіргі жарнамалық дискурсындағы маңызды тілдік бірлік ретіндегі лингвомәдени әлеуеті қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жарнамалық мәтіндерде репрезентацияланатын «Астана» топонимінің тарихи, семантикалық және мәдени компоненттерін анықтау. Зерттеу материалы ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусының жарна-малық ішкорпусының деректері пайдаланылды. Корпустық, семантикалық және лингвомәдени талдау әдістерін қолдану арқылы топонимнің негізгі қызметтері, оның мәтіннің стильдік сипаты мен коммуникативтік бағытына байланысты қолданыс жиілігі мен вариативтілік ерекшеліктері айқындалды. Зерттеуде топонимнің мәдени-тарихи мағыналарының өзектенуіне, оның жергі-лікті бірегейлікті қалыптастырудағы және қаланың жағымды бейнесін жасаудағы рөліне ерекше назар аударылады. Алынған нәтижелер «Астана» топонимін жарнамалық коммуникацияның маңызды лингвомәдени ресурсы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: топоним, жарнамалық дискурс, лингвомәдениеттану, топонимия, корпустық талдау, Қазақ тілінің ұлттық корпусы

PDF (Русский)
Тіл

Русский