Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

РУСЛАН МАРСОВИЧТЫҢ «ҚАНАТТЫ АРЫСТАНЫ»: ЗЕРТТЕЛМЕГЕН ӘДЕБИ МҰРАНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ

Жарияланды September 2026

40

35

Сәтбаев университеті
Абай атыңдағы ҚазҮПУ
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы
Аңдатпа

Мақалада Руслан Марсовичтің (Руслан Надреев, 1964–1992) шығармашылығы алғаш рет ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Оның әдеби мұрасы ұзақ уақыт бойы көп-шілікке белгісіз болып келді. Зерттеу материалы ретінде жазушы 1992 жылы дайындаған және араға отыз жыл салып, 2022 жылы қарындасы Юлия Надрееваның күш-жігерінің арқасында жарық көрген «Қанатты арыстан» жинағы алынды. Кітапқа аттас әңгіме және Виктор Ванның иллюстрацияларымен безендірілген тағы алты шығарма енген. Негізгі назар автордың есімі мен шығармаларын әдеби кеңістікке қайта оралту мәселесіне аударылады. Қолжазба мұрасын жариялау жазушының әдеби үдерістегі орнын айқындауға және бұрын жарияланбаған шығар-малар корпусын оқырманға таныстыруға мүмкіндік беретін мәдени жадты жаңғыртудың бір тәсілі ретінде қарастырылады. Жинақтың жарық көруі Руслан Марсовичтің өмірбаянын, поэти-касы мен әдеби мұрасын одан әрі зерттеуге негіз болады.

 

PDF (Русский)
Тіл

Русский