Мақалада белгілі жазушы және көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың «Арнаулы тапсырма» әңгімесінің тәрбиелік және адамгершілік мәнін зерттеу ұсынылған. Шығарманың басты кейіпкері – қазақ халқының біртуар азаматы, батыры, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың бейнесі арқылы автор Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық жасақ құрамындағы атқарған ерліктерін паш ете отырып, оқырманның бойында ұлттық рух пен патриоттық сананы қалыптастырады. Зерттеу барысында шығармада қолданылған ой иірімдері сараланып, идеялық тұжырымдамалар талданды, оның құрылымы мен мазмұны қарастырылды, олардың семантикасы ашылды. Шығарманың мәтінінен авторлық нақыл сөздері жүйеленіп, олардың сөз астары ашылды. Зерттеудің қайнар көзі жазушының замандастарының естеліктері, сондай-ақ оның шығармашылығына арналған кейінгі ұрпақ өкілдерінің материалдары болды.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы, тұтастай алғанда, ауызша өнердің тәрбиелік әлеуетін және Кемел Тоқаевтың шығармаларын, атап айтқанда, олардың ұлттық сипатын анықтауда және жаңа танымдық көзқарасты қалыптастыруда жатыр. Тәрбие үрдісінде көркем сөздің ерекше орын алатыны белгілі. Зерттеу нәтижелері К.Тоқаевтың мұрасы өмірдің мәнін түсінуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, сондай-ақ ерік, ар-намыс, парыз сезімі және жауапкершілік сияқты құндылықтарға негізделген ұлттық рухты оятуға бағытталғанын көрсетеді. Бұл тұжырымдар қазақ халқының рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге ықпал етеді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді жазушының шығармаларын оқыту және зерттеу процесінде пайдалану мүмкіндігі.

