Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

КОМИКС АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ: КЛИПТІК ОЙЛАУҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ҰРПАҚ

Жарияланған December 2025

58

53

Абай атындағы ҚазҰПУ
Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Бұл мақалада комикс жанрының пайда болу тарихы, әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі орны және оның қазаіргі білім беру процесіндегі маңызы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында АҚШ, Еуропа, Жапония секілді елдердегі комикс жанрының даму кезеңдері мен негізгі өкілдері талданады. Сонымен қатар мақалада қазақ комикстерінің даму деңгейіне де назар аударылып, ХХ ғасырдың басындағы алғашқы комикстік элементтерден бастап қазіргі авторлық комикстерге дейінгі жобалар сараланады. Комикс – мәтін мен көркем бейнені ұштастыра отырып, оқиғаны визуалды түрде жеткізетін ерекше жанр. Комикс жанрының оқушылардың оқу мотивациясын арттырудағы, мәтінді тез қабылдатудағы, креативті ойлауды дамытудағы тиімділігі ғылыми тұрғыда негізделеді. Сондай-ақ комикстерді білім беруде қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері мен ұлттық мазмұнды шығармаларды заманауи форматта ұсынудың өзектілігі айқындалады.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
К.Т., С. і Б.Т., Т. 2025. КОМИКС АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ: КЛИПТІК ОЙЛАУҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ҰРПАҚ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 94, 4 (Груд 2025), 117–125. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.94.4.013.