Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ, МОҢҒОЛ ТІЛДЕРІНДЕГІ “БАС” МЕТАФОРАСЫ ТУРАЛЫ

Жарияланған December 2025

52

47

Моңғолияның Гуманитарлық университеті
Аңдатпа

Соңғы кездері қазақ және моңғол тіл білімінде зерттеушілер метафораны антропоцентристік парадигма аясында когнитивтік лингвистиканың әдістемесімен жан-жақты зерттеп жатыр. Адам санасының аналогия жасау, ассоциациялау қабілеті метафоризация механизмін іске қосып, нәтижесінде жаңа білім пайда болатындығын ғалымдар өз зерттеулері арқылы дәлелдеді.

Антропоцентристік қағида тұрғысынан қарағанда әлемнің менталь құрылымын жасауда антропоморфтық метафоралар аса маңызды рөл атқарады. Сол себепті аталмыш мақалада метафора, антропоморфтық метафораның теориялық негізі, антропоморфтық метафораның айқын көрінісі болып табылатын “бас” сөзінен бастау алған метафоралардың когнитивтік моделі мен өзіндік ерекшеліктерін қазақ, моңғол тілдерінің мысалдары негізінде түсіндіруге тырыстық. Мақалаға қазіргі лингвистикадағы метафораның құрылымын, сипатын, міндетін саралаған ғылыми зерттеулер негіз болдырылды.

Адамзат баласы дүниені тануда, сондай-ақ, өзін қоршаған заттарға, ондағы құбылыстарға атау беруде антропометрикалық қағида ұстанады. Ал, метафора дүниені тану танудың, ойлаудың негізгі тәсілі болып табылады. Адамзаттың дүниені тану процесі алдымен өзін зерттеп, танудан басталады. Дүниедегі шындық, нысандар, құбылыстар мен адамның дене мүшелері, сырт пішіні, кескін-келбеті, мінез-құлқы, қасиеттерінің арасында ассоциативтік байланыс бар. Осы құбылыстың мысалы ретінде қазақ, моңғол тілдеріндегі “бас” сөзінің төркіндес метафораларының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын ашу – мақаладағы басты мақсат болды.  

Адамдардың бейтаныс зарттарды, құбылыстарды танып білу, оларға атау беру процесі бұрынғы тәжірибеге, білімге негізделеді. Адамның дене мүшелері адамзат баласының ең алдымен танып білген ұғымдары болғандықтан, дене мүше атауларын сөздік қордың ең байырғы, негізгі бірліктері деп айтуға болады. Тілдегі адамның дене мүшелері негіз болған метафоралар – сол халықтың қалыптастырған әлемнің тілдік бейнесінің бір көрінісі. Алайда, бүгінге дейін мәдени концепцияның антропоморфтық көріністерін ашалап зерттеген зерттеу жұмыстары жеткіліксіз болды. Сондықтан да, бұл тақырыпты қазақ, моңғол тілдерінің материалдары негізінде салыстыра зерттеп, антропоцентристік ғылымның дамуына үлес қосу – бұл жұмыстың жаңашыл қыры болып табылады. 

PDF