Мақалада М.Әуезов зерттеулерінде Абайдың шығысы туралы жалпылама айтылған, тереңдете зерттеуге мүмкіндік бермеген уақыт бедеріне сын көзімен қарап, астарлай айтылған тезистік ойларын тереңінен түсінген профессор М.Мырзахметұлының Абайдың шығысы туралы ойларына қысқаша талдау жасалынды. Б.з.д., дәуірлерде туып қалыптасқан өлең теориясына қатысты мәселелерге талдау жасаған әдебиетші-ғалымның зерттеулерінен түйген түйінді ойлары талданды. ХІХ ғасырдағы оқыту жүйесіне шолу берілді. Осы ғасырда қатты өрістеген жәдид оқуының қадімше оқытудан негізгі ерекшелігі айқындалды. Күнделікті өмір ағынына ілесе алмаған ескі оқу жүйесінен түбірлі өзгерістері айқындалып, ғасыр басындағы қадімше оқытудың діни схоластикаға негізделгені, «қасб» іліміне бағыт ұстанғандығы ашылып көрсетілді.
Абайдың хауас жайлы өлеңдері мен қарасөздерінде көтерілген аса қиын таным-түсінігін ашудағы М.Мырзахметұлы дәлелдеген термин сөздердің мән-мағынасы ашылып, талдауындағы ерекшеліктер көрсетілді. Профессор М.Мырзахметұлы негіздеп енгізген Абайдың «толық адам» іліміне өзек болған (ақыл, қайрат, жүрек) таным-түсініктің қалыптасу негіздері айқындалды. Абайтану пәні ұлт руханиятына тірек болар идеологиялық негіз екендігі ашылды.

