Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЭРГОНИМДЕР: ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ НОМИНАЦИЯ ДИНАМИКАСЫ

Жарияланған September 2025

103

98

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы спорт саласының эргонимдері ұлттық болмысты, тарихи дамуды және жаһандық ықпалдарды бейнелейтін маңызды тілдік әрі мәдени көрсеткіштер ретінде қарастырылады. Зерттеу лингвомәдениеттанымдық тәсілге негізделген, ол эргонимдерді тек тілдік бірліктер ғана емес, сонымен бірге қоғамның құндылықтары мен дүниетанымын білдіретін мәдени таңбалар ретінде талдауға мүмкіндік береді. Эмпирикалық материал ретінде спорт нысандарының атаулары алынып, олар ашық дереккөздерден – онлайн-анықтамалықтардан, БАҚ мақалаларынан, компания логотиптері мен маңдайшаларынан жиналды. Зерттеуде ұлттық-мәдени компоненттердің көрініс табуы ерекше назарға алынды. Олар көбіне екінші реттік номинация, бар сөздердің жаңа мағынада қолданылуы, мәдени символдар мен реалийлердің енгізілуі арқылы қалыптасады. Талдау нәтижесінде дәстүрлі қазақ мәдени құндылықтарын бейнелейтін (мысалы, Батыр, Үміт, Тулпар) және жаһандану мен Батыс ықпалын көрсететін (мысалы, Adrenaline, Lifetime, World Class) эргонимдердің қатар қолданыста екені анықталды. Кеңестік кезеңнен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі тарихи сатылардағы атау беру үрдістерінің динамикасы көрсетіліп, социалистік дәстүрден нарықтық және жеке бағытқа бетбұрыс айқындалды. Мақалада эргонимдердің екіжақты қызметі – ұлттық мұраны сақтау және қазіргі заманғы модернизация мен интернационализация үрдістеріне бейімделу ерекшеленеді.

PDF (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
З.Т., К. 2025. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЭРГОНИМДЕР: ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ НОМИНАЦИЯ ДИНАМИКАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 93, 3 (Вер 2025), 21–29. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.93.3.003.