Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

ХАБАРШЫ «Филология ғылымдары» сериясы

ӘР ДӘУІРДІҢ ӚЗІНЕ ТӘН ШЫНДЫҚ БАР

Жарияланған September 2023
Аңдатпа

Бұл мақала ұлттық көркемсөз өнеріміздегі ―алыптар тобының өкілі Ғабиден Мұстафин шығарма-шылығын қарастыруға арналған. Нағыз өмір шындығы, халық тағдырының белгілі бір тарихи кезеңдегі шынайы көрінісі болған, сол кездегі тұрмыс-тіршілігін шыншылдықпен жеткізген шығармаларына шолу жасалды. Ғылыми мақаланың мақсаты – Ғабиден Мұстафин кейіпкерлерінің бойынан адамгершіліктің, іскерліктің, жауапкершіліктің, нағыз еңбек адамына тән қасиеттердің, өзара қарым-қатынастағы адалдықтың осы тәрізді небір үлгілерін көрсету. Зерттеудің өзектілігі сан тарау психологиялық тартыстар, әлеуметтік қақтығыстарды көрсету арқылы жазушының шығармашылығын зерттеумен расталады. Мақалада ғылыми мәселенің дамуына үлес қосылды, яғни қаламгердің әр шығармасында ең алдымен туған халқының шынайы өмірі, тарихи тағдыры көрінуі, оның болашаққа, жаңалыққа, жақсылыққа деген қуатты ұмтылысының сомдалуы, қарапайым да қаһарман еңбек адамының тұлғасы мүсінделуі, бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы мен жаңалығын негіздейді. Практикалық құндылығы мақаланың материалдарын курстарда, әдебиетті зерттеу факультативтерінде, филология ғылымдарының қазіргі заманғы мәселелерінде және т.б. пайдалану мүмкіндігіне байланысты.

pdf