Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

ХАБАРШЫ «Филология ғылымдары» сериясы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ (ХХ ғасыр мен тәуелсіздік кезеңінде)

Жарияланған December 2021
Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ш. Куттыбаев

гуманитарлық ғылымдар магистрі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е. Абдимомынов

педагогика ғылымдарының магистрі

Аңдатпа

Мақалада қазақ қоғамында аламағайып өзгерістер мен ауқымды жаңалықтарға толы кезең болып табылатын ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттану ғылымындағы жаңашылдықтар мен Алаш арыстарының шығармашылықтары туралы пікірлер ұлттық поэзияның шеңберінде тыңғылықты сараланады. Сондай ақ, аталмыш кезеңдегі ақындардың мұраларындағы бостандыққа, ағартушылыққа, саясатқа, рухани құндылықтарға, жалпы халықтың жағдайы мен қоғамдық өзгерістерге қатысты туындылардағы орамды ойлары тәуелсіздік идеясы мен сабақтастықта қарастырылады. Қазақ әдебиетінің эволюциялық даму жолындағы ХХ ғасырдың басы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және одан кейінгі кезең мен Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар поэзиясының көркемдік қуаты, тақырыптық-идеялық сипаты, мазмұндық, стильдік ерекшеліктері жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар, ХХ ғасыр мен Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындардың шығармалары әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық категориясының негізінде қарастырылып, соның аясында жан-жақты сипатталады. Яғни ұлттық поэзиямыздағы өмір құбылыстарының ішкі сырын, мәнін терең ашып беретін, олардың қасиет-сипатын, типтік тұрғыдан саралап көрсететін шынайы өмір мен көркемөнер арасындағы байланыстың нәзік желілері әр кезеңдегі ақындар шығармашылығымен байланыста талданып, дәстүр мен жаңашылдық сипатында одан әрі айқындала түседі.

pdf
Тіл

Қаз

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Куттыбаев, Ш. і Абдимомынов, Е. 2021. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ (ХХ ғасыр мен тәуелсіздік кезеңінде). ХАБАРШЫ «Филология ғылымдары» сериясы. 2, 76 (Груд 2021), 118–128. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-7804.15.